Хайызға байланысты сұрақ
Хайызға байланысты сұрақ
6 жыл бұрын 5300

Сәлеметсіз бе! Хайыз тиген киіммен жуылса да мүлдем намаз оқуға болмай ма?

Сәлеметсіз бе!

Сахаба Әбу Һурайра риуаят еткен бір хадисте, Хаулә бинт Ясәр атты бір әйел кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:

- Мен хайызы келетін әйелмін. Және бір киімнен басқа киетін киімім жоқ. Не істерімді білмеймін, уа Расулалла? - деп сұрайды. Сонда Алланың елшісі оған:

- (Жуынып) Тазаланғаннан соң киіміңді жуып, сол киіммен намаз оқи бер – деп жауап береді.

- Уа Расулалла, (жуғаннан соң да)  киімде дақ қалып қалады? – деп қайта сұрайды.

- Сен киіміңді жу, одан кейінгі қалған дақтың саған зияны жоқ – деп жауап береді Алла елшісі (с.а.у.)[1].

Аталмыш хадистен екі мәселені ұғынып отырмыз:

Біріншісі - Хайыз қаны тиген киімді жуып, онымен намаз оқи беруге болады

Екіншісі - жуылған жерде қанның дағы қалып қойса да, ол киіммен намаз оқудың ағаттығы жоқ.


[1] Әбу Дәуід – Сүнән : Китабут Тахара. №310

Абдусамат Қасым