Хайыз уақытысында «Уақиға» сүресін қалай тоқтатпай оқып жүруге болады?
Хайыз уақытысында «Уақиға» сүресін қалай тоқтатпай оқып жүруге болады?
11 ай бұрын 3153

Ассаламуғалайкум! Мен күнде шам намазынан кейін Уақиға сүресін оқып жүрмін. Сұрағым келгені Хайыз кезінде де Уақиға сүресін оқуға бола ма? Жауап берсеңіздер! Жауабын іздеп таппадым.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Хайыз немесе Нифас жағдайындағы әйел кісілердің Құран оқулары тыйым салынғаны рас. Оған байланысты Алла елшісі өзінің бір хадисінде: «Хайызы келген әйел де, ғұсылы бұзылған жүніп кісі де Құраннан еш нәрсе оқымайды!» - деп тыйған. Алайда, ауыз жыбырлатпай, ойша оқыса, оның күнәсі жоқ. Шариғат кітаптарында оны «жүрекпен оқу» деп түсіндірген. Оның қазақшасы - «ойша оқу». Ал, ауыз бен ернін және тілің қимылдатпай оқу - «оқу» іс қимылы болып саналмайтындықтан, Хайыз, нифас немесе жүніп жағдайындағы кісі Құранды ойша оқыса күнәсі жоқ.

Сондықтан да, сізге айтарымыз: хайыз кезінде телефоннан «Уақиға» сүресін «ойша» оқып тұрсаңыз болады, оның күнәсі жоқ. Неге телефоннан? Себебі хайыз кезінде Құран кітапты да тыссыз ұстауға болмайды. Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым