Әссәләмуғалейкум! Сұрағым келгені: әйелімнің етеккірі келіп болғаннан кейін ғұсылсыз жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? Әлде, алдымен ғұсылдануы керек пе? Қ.
Хайыз тоқтаған соң, ғұсылсыз қатынасқа түсуге бола ма?
|
Уағалейкум әссәләм! Бұл мәселені үш жағдайға бөліп қарастырған жөн:
- Хайыз он күнге толмай тоқтаса (мәселен, айдың 20 келіп, 27-де тоқтаса), бұндай жағдайда қатынасқа түспестен бұрын ғұсылданады немесе толық бір намаз уақыт өтуін күтеді.
- Ал, хайыз оныншы күні тоқтаған жағдайда (мысалы, айдың 20 күні келіп, 30-на тоқтаса), бұл кезде қатынасқа түспей тұрып ғұсылдану – мұстахаб, бірақ, шарт емес.
- Әр әйелдің хайыз тоқтайтын ай сайынғы әдетке айналған уақыты болады. Бұны «адәт күндері» деп атаймыз. Ендігі жерде, әр айдағы «адәт күндеріне» толмай жатып хайызы тоқтаған әйел, «адәт күні» толғанша қатынасқа түспейді. (Мысалы, әр айда 7 күн келіп жүрген хайызы, бұл жолы 4 күнде тоқтады делік. 7 күнге толғанға шейін қатынасқа түспейді, бірақ, ғұсылданып намазын оқиды)[1].
[1] Лүбәб – 1/62 бет.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?