Ассаламуғалейкум! Хайыз кезінде телефоннан құранды оқуға бола ма? Хайыз кезінде «Фатиха» сүресін дұға ретінде оқуға бола ма?
|
Хайыз кезінде телефондағы Құранды оқуға бола ма? Хайыз кезінде «Фатиха» сүресін дұға ретінде оқуға бола ма?
|
Хайыз кезінде болсын, жүніп кезінде болсын, телефон, планшет сияқты электронды құралдардағы Құранды аузын қимылдатпай, ойша оқуына болады. Мұнда ғұламалар арасында талас жоқ. Өйткені, ойша оқу – ол «қырағат» еткенге жатпайды.
Хайыз кезінде «Фатиха» сүресін дұға ретінде оқуға бола ма?
Фатиха сүресі сияқты дұға мазмұндас аят не сүрелерді дұға ниетімен оқуға болады дейтін Ханафи ғалымдары бар. Бұған байланысты кейбір Ханафи кітаптарында былай делінген:
« «Фатиха» сүресін немесе дұға мағынасы бар басқа да аяттардан әлдебір аятты Құран оқу мақсатында емес, Дұға ретінде оқыса, оның ағаттығы жоқ»[1].
[1] Ибн Ғабидин: Мәжмуъа -112 бет.
Өзекті сұрақтар
■
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?