Хайыз кезінде Құран тыңдауға бола ма?
Хайыз кезінде Құран тыңдауға бола ма?
9 жыл бұрын 20730

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Хайыз не жүніп болған кісіге Құран оқуға болмайтындығын білемін. Сұрайын дегенім: «аудио-Құран» тыңдауға бола ма? Гүлім.

Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уә бәракатуһ!

Құрметті Гүлім, «Сахих Бухари» атты хадистер жинағында келтірілген хадисте Пайғамбарымыздың жұбайы Айша анамыз былай дейді: «Хайыз кезімде Алла Елшісі басын кеуде тұсыма қойып, Құран оқитын»[1].

Демек, етеккір кезінде болсын, жүніп хәлінде болсын аудио, видео немесе теледидар арқылы оқылған Құранды тыңдауға рұқсат. 

Осы орайда ескерте кетелік, шариғат бойынша әлгі екі жағдайға тап болған кісілердің Құран оқуларына яки Құранды тыссыз ұстауларына тыйым салынады.


[1]Сахих Бухари, Китабуль Хайд: №293 хадис.

Абдусамат Қасым