Екі қастың ортасын жұлу да күнә ма?
Екі қастың ортасын жұлу да күнә ма?
10 жыл бұрын 27669

Ассалаумағалейкум! Бiр қыз бiр жерден «екі қастын ортасын жұлуға болады, ол тазалыққа жатады» дегендi оқыпты. Бұл қаншалыкты рас? Нұрсәуле Әлімжан

Уағалейкумсалам! Қадірменді Нұрсәуле,  Пайғамбарымыздың хадисіндегі тыйым «қасқа» қатысты екені мәлім[1].  Қас деп қабақтың үстіне шығатын түкті айтамыз[2]. Ал беттің одан өзге жерлеріне шыққан түктер қас боп саналмайды. Осыған қарай «екі қастың ортасына шыққан түк те қас ретінде есептелмегендіктен қажет болып жатса, оларды жұлудың күнәсі жоқ» дейді дін мамандары.

Қастан өзге жерлерде пайда болған түкті алуға рұқсат екеніне дәлел келтірер болсақ, деректерге қарағанда бір әйел Айша анамыздан:
 - Менің жүзіме түктер шығып кетті. Оларды жұлсам, осылайша күйеуіме әдемі көрінсем рұқсат па?, - деп сұрайды.
   Сонда Айша анамыз:
 - Өзіңдегі ұнамсыз нәрселердің көзін жой. Қонаққа барғанда қалай әсемденсең, күйеуіңнің алдында да солай әсемден..., - деп жауап берген екен[3].

[1] «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады» Хадис. Әбу Дауд, Тәрәжжүл-5 (4170):
[2] Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
[3] Абдурраззақ: әл-Мусаннаф – Китабус сала - №5104 хадис.; Қас жайында қосымша мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/aielge-qatysty/kuieuimnin-otinishi-boiynsha-qasymdy-julsam-kuna-ma-27/ 

Абдусамат Қасым