Босанғалы жатқан әйелге қандай дұға оқыса болады?
Босанғалы жатқан әйелге қандай дұға оқыса болады?
10 жыл бұрын 253306

Сәлеметсіз бе! Рұқсат болса сұрасам деп едім: Босанатын әпкеміз бар еді. Алла жеңілдігін берсе екен дейміз. Біз бауырлары қандай дұғаларды оқуымызға болады, босанар сәтінде?  Сол жайында айтып бере аласыз ба? Бағжан Бердібай

Уағалейкумсалам! Қадірменді Бағжан, перзентханадағы толғағы жақындап, босанғалы жатқан әйелдің өзі немесе туыстары мына төмендегі дұғаларды оқыса, толғағы жеңіл болады деген үміттеміз:

  1. Аятуль Курси: «Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум. Лә тә'хуз̃уһу синәтуу уәлә нәум: Ләһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд. Мән з̃әл ләз̃ии йәшфәъу ъиндәһу иллә бииз̃ниһ. Йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум, уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә. Уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда. Уәлә яудуһу хифзуһумә уәһууәл ъалиййул ъазиим» (Бақара – 255)
  2. Ағраф сүресінің 54-аяты: «Иннә раббәкумуллаһул ләз̃ии халәқас сәмәуәти уәләрда фии ситтәти әййәмин с̃уммә стәуә ъаләл ъарши йуғшиил ләйлән нәһәрә йәтлубуһу хәс̃иис̃әу уәшшәмсә уәлқамәрә уәннужуумә мусәххарәтин биәмриһ әлә ләһул халқу уәләмр тәбәрәкаллаһу раббул ъаләмиин»
  3. Фәләқ пен Нас сүрелері: «Қул әъууз̃у бираббил фәләқ. Мин шәрри мә халәқ. Уәмин шәрри ғасиқин из̃ә уәқаб. Уәмин шәррин нәффәс̃әти фиил ъуқад. Уәмин шәрри хәсидин из̃ә хәсәд» (Фәләқ сүресі). «Қул әъууз̃у бираббин нәс. Мәликин нәс. Иләһин нәс. Мин шәррил уәсуәсил ханнәс. Әлләз̃ии йууәсуису фии судуурин нәс. Минәл жиннәти уәннәс» («Нас» сүресі)[1].

XV-XVІ ғасырларда өмір сүрген ғалым, діннің барлық саласына арнап 600-725 шамасында бағалы еңбек жазған ғұлама Жәләлуддин әс-Суюти (м. 1445-1505 ж.) өзінің «әд-дуррул мәнсур фит тәфсири бил мәнсүр» атты тәпсір кітабында келтірген бір риуаятта: «Ардақты Пайғамбарымыз,  (с.а.у.) қызы Фәтиманың (р.а.) толғағы жақындағанда, оның (Фәтиманың) жанына Үммү Сәләмә мен Зәйнәб ибн Жақшты (р.а.) жіберіп, мына Құран аяттарын оқуды бұйырған еді: Аятул Курси; Ағраф сүресі 54-аят; Фәләқ пен Нас сүрелері»[2].

Ендеше, перзентханадағы толғағы жақындап, босанғалы жатқан әпкеңіздің тілеуін тілеп, жоғарыда сайып өткен Құран аяттарын оқысаңыз болады.

[1]Қазақша мағыналарын мына сілтемеден көрсе болады: http://kitap.kuran.kz/#!/bet/1/ar  
[2]http://www.dar-alifta.org/ViewFatwa.aspx?ID=7283&LangID=1

Абдусамат Қасым