Аяғы ауыр әйелдің намазы қалай?
Аяғы ауыр әйелдің намазы қалай?
11 жыл бұрын 4691

Ассаламуағалейкум!Сіздерге кояр сауалым, аяғы ауыр әйел қай айдан бастап намазды отырып оқуына рұқсат? Мен қазір «бесінші айдамын», қазірден  намазды отырып оқимын. Бұл әрекетім күнә болып санала ма? 

Әйгерім Сапарғалиева.

Уағалейкумуссалам! Қәдірменді Әйегерім, сіздің жағдайда тұрып оқу қиынға соғатын болса, отырып оқуыңызға рұқсат. Аяғыңыздың ауыр болуы себепті сәждеде маңдайды жерге қою қиындаса, отырған күйі иілуіңіз жеткілікті. Тек рукуға иілгеннен кейін, сәждеге көбірек иілесіз[1].

Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) Ъимран ибн Хусайын деген сахабаға: «Намазды тұрып оқы. Тұрып оқи алмасаң отырып оқы. Отырып та оқи алмасаң бір жаныңа жатып оқы»[2], – деп айтқан хадисі бар.

Тағы бір хадисінде: «Мүмкін болса жерге маңдайынды қой. Оған шаман келмесе, қимылмен оқы. Бұл кезде сәждеге рукуғдан көбірек иіл!»[3], – деген.

Сондай-ақ, жерге отыру қиынға соқса, орындыққа отырып оқуыңызға да рұқсат.   Алла біздерге ауырлық емес, жеңілдік қалайды [4] .

[1] Хидая – 1/194 бет, «салатуль марыз»
[2] Әбу Дауід – 952; Тирмизи – 371.
[3] Әз-Зайлағи, Насбур риуая.
[4] Бақара – 185-аят.

Абдусамат Қасым