Аяғы ауыр әйелдерге қатысты сұрақ
Аяғы ауыр әйелдерге қатысты сұрақ
3 жыл бұрын 3128

Сәлеметсіз бе! Мек жүкті едім. Үш айлық. Дәрігерлер «Ретрохранальная гематома» деп айтты, қоңыр түсті қан келіп жүр. Намаз енді бастап жүргем, 10 күндей оқымадым, бірақ қан тоқтамай келіп жүр, дәрігер солай айтты, енді тоқтатамын ба намазды, алде оқи берейін бе? Анон.

Сәлеметсіз бе!

Шариғат бойынша, жүктілік кезде келген қан «хайыз қаны» болып есептелмейді, ол – «үзір» қаны үкімінде болмақ. Ханафи мәзхабында солай. Қазіргі медицина да мұны растап отыр. Сондықтан да, сіздің жағдайдағы келген қан хайыз қаны емес, сол себепті, дәрет жаңалап намазыңызды оқи бересіз. Алда-жылда қан жалғасымды келіп, бір намаз уақыты бойы тоқтамаса, үзір иесі ретінде әр уақтылы намаз үшін дәрет жаңалап тұруыңыз керек болады. Алла жеңілдігін бергей!

Абдусамат Қасым