Ит ішкен сумен дәрет алуға бола ма?
Ит ішкен сумен дәрет алуға бола ма?
2 жыл бұрын 3735

Ассаламуалейкум! Бір шелек судан ит ішсе, содан қалған сумен іш дәрет алуға бола ма? Дәурен.

Әлхамдулиллаһ. Уассаләту уә сәләму аля расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғат кітаптарымызда «иттің қалдығы - нәжіс» делінген[1]. Яғни, ит ішкен су нәжіс. Оны дәретке де, тазалыққа да қолдануға болмайды. Сол себепті, сіз сұрап отырған ит ішкен шелектегі су дәретке жарамсыз.

Осы тұрғыда, мәлімет ретінде айта кетелік, Ислам ғалымдарынан Имам Мәлік пен Дәуід аз-Заһири ит ішкен суды таза деп есептегендіктері кітаптарда айтылды[2]. Бірақ көпшілік ғалымдардың тоқтамынша, соның ішінде Ханафи мәзхабында иттің ішкен суы - нәжіс су саналып, дәретке қолдануға болмайды. 


[1] Имам әл-Мәрғинәни: «әл-Һидая». 1/106 бет.
[2] Бәдруддин ал-Айни: «әл-Бинәя». 1\469 бет.

Абдусамат Қасым