–Әйелге көлік жүргізуге бола ма?
Әйелге көлік жүргізуге бола ма?
|
– Әйел кісінің авто көлік жүргізуіне қарсы болған дін мамандары бар. Дегенмен, оның шариғи тұрғыда еш ағаттығы жоқ деп есептейтін ғалымдар да жоқ емес. Атап айтсақ, Кувейт еліндегі фиқһ маманы, проф. доктор Ахмед Хажи әл-Курди былай дейді:
«Жалпы алғанда, әйел кісінің көлік жүргізуіне еш бір (нақты) шариғи кедергі жоқ. Бірақ, әйел кісінің көлік жүргізуі (жалғыз өзіне) тек қала ішінде рұқсат. Ал, көлігімен ұзақ сапарға шығар кезде (жалғыз емес), күйеуімен немесе басқа туыстары жанында болған жағдайда ғана рұқсат болмақ».
Қорытынды:
Біздің пікірімізше де әйел кісінің автокөлік жүргізуінде ешқандай күнә жоқ. Тек, қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда түнде яки ұзақ сапарға шығарда жанында күйеуі немесе әкесі яки ағасы, інісі т.б. жақыны болғаны абзал.