Әйел кісі намаз оқитын кезде "намаздниктің" ішінен қосымша шалбар киюі керек пе?
Әйел кісі намаз оқитын кезде "намаздниктің" ішінен қосымша шалбар киюі керек пе?
3 жыл бұрын 7747

Сәлеметсіз бе! Намазда намазниктің ішінен, яғни ұзын көйлектің ішінен шалбар кию міндетті ме? Аяжан.

Сәлеметсіз бе! Мұсылман әйелдің намазға киетін көйлегі:

  • Етегі аяқтың үстіне дейін ұзын,
  • тырыспаған
  • және іші сыртына байқалатындай жұқа емес болуы тиіс.

Осылай болған жағдайда, ішінен қосымша шалбар немесе изар кию шарт емес. Мысалы, өзіңіз айтқандай, намаз оқуға арнайы тігілген көйлек - аталмыш талаптарға сай. Сол себепті, намаз оқитын кезде оның ішінен қосымша шалбар киюдің қажеті жоқ. Кисе де артық болмайды.

«Ішенен шалбар кию шарт емес» деуімнің себебі – риуаяттарға қарағанда Пайғамбарымыздың жұбайы Үмму Сәләмә (  أم سَلَمة -رضي الله عنها)[1] Алла елшісінен (صلى الله عليه وسلم): «Әйел адам намаз оқығанда изарды орамай, тек басындағы орамалымен және көйлегімен оқи ала ма?» - деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Егер көйлек аяғынын үстінгі жағын жауып тұратындай ұзын әрі кең болса, онда болады», – деп жауап береді[2].

Хадистің арабша нұсқасындағы «Диръ»сөзі – кең, әрі ұзын көйлекті білдіреді. Изар – белден төмен орайтын орағыш. Орамал деп аударып отырған «химар» болса, басты мойнымен қосып, көкірек тұсына дейін жауып тұратын шариғат шәлісін білдірмек.   

Аталмыш хадис-шәрифтен түсінгеніміздей, Пайғамбарымыз (оған Алланың игилігі мен сәлемі болсын) «намазник» тәрізді ұзын әрі кең көйлектің ішінен шалбар, изар немесе т.б. сол сияқты өзге қосымша киіс киюдің шарт емес екендігін ұғындырған. 


[1] Толық аты жөні: Үмму Сәләмә Хинд бинт ӘБу Умайя әл-Махзуми (миләди 596-681 ж.).
[2] Әбу Дәуід: «Сүнән». Иснәды сахих.

Абдусамат Қасым