Әйел адам сәжде жасағанда шынтағын жерге тигізуі керек пе, тигізбеуі керек пе?
Әйел адам сәжде жасағанда шынтағын жерге тигізуі керек пе, тигізбеуі керек пе?
12 ай бұрын 5276

Сәлеметсіз бе! Әйел адам намаз оқығанда шынтағын жерге қоюы керек пе, әлде сәл көтеруі керек пе?

Сәлеметсіз бе!

Әйел адам сәжде жасағанда білегін жерге төсеп, шынтағын жерге тигізеді. Мүмкіндігінше қолтық арасын ашпай жауып ұстайды. (Суретке қараңыз).

 

Сондай-ақ, сахабаларды көрген табиғин ғалым Ибраһим ән-Нахаъи әйелдің сәждесіне қатысты былай деген:

وعن إبراهيم قال : إذا سجدت المرأة فلتضمّ فخذيها ولتضع بطنها عليهما .

«Әйел кісі сәжде жасағанда екі санын бір-біріне жабыстырады және ішін екі санына тигізеді»[1].

Тағы бір сөзінде:

عن إبراهيم قال : إذا سجدت المرأة فلتلزق بطنها بفخذيها ولا ترفع عجيزتها ، ولا تجافي كما يجافي الرجل

«Әйел адам сәжде жасағанда ішін санына жабыстырсын, бөксесін көтермесін және қолтық арасын ерлер сияқты ашпасын»[2].



[1] Абдурраззақ ас-Санаъани: «әл-Мусаннаф».
[2] Ибн Әби Шәйба: «әл-Мусаннаф»; Имам Бәйһәқи: «әс-Сүнән».

Абдусамат Қасым