Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Әйел адам ғұсыл алғанда құлағындағы сырға тағатын тесігіне су тигізуі шарт па? Серікжан
|
Әйел адам ғұсыл алған кезде құлағындағы тесігіне су тигізуі шарт па?
|
Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи ғалымы Хасан әш-Шүрунбуләли (Х.993-1069 ж.) өзінің «Мәрақил Фәләх» атты фиқһ кітабында былай деп өткен:
«Құлақтағы сырғаны да ғұсылда қозғалту шарт, себебі оның орны тар (су өтетіндей емес)...»
Демек, әйел кісі ғұсыл алғанда құлағындағы сырғасын ары-бері жүргізіп қозғалтуы ләзім. Бұл – құлағында сырғасы болған күйі ғұсылданған әйелге қатысты. Ал, құлағында сырғасы болмаған жағдайда сырғаның орнындағы тесікке суды тигізу шарт емес. Сырғалықтағы тесіктің орнын саусағымен ұқалап ысқылап жіберсе жеткілікті.
Өзекті сұрақтар
■
"Шәууәл" оразасы жайында жиі қойылатын сұрақтар
■
Араб ұлтына қанша пайғамбар келген?
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?