Әссәләмуғалейкум! Босанғаныма бүгін 42 күн болды. 40 күн өткеннен кейін тазардым. Алайда, бүгін қайтадан қан ағып тұр. Кішкене де емес. Сұрағым: намазымды үзір хәлінде оқи берейін бе? Қайтадан ғұсыл алу керек пе?
|
40 күн нифастан кейін тағы қан келді, намазды не істеймін?
|
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сіздің жағдайда екінші мәрте келген қан – үзір қаны. Неге десеңіз, 40 күн өткеннен соң келген қанды «хайыз» ретінде есептеуіміз үшін арадан ең кемі он бес күн өтуі тиіс[1]. Ол күндерді шариғатта «Әйямут Тухр», яғни, «тазалық күндері» деп атайды. Сұрағыңыздан түсінгенім бойынша, сіз қырық күндік нифастан соң бір күн өтіп, екінші күні қан көріп тұрсыз. Сол себепті, оны - «үзір қаны» дейміз. Ол үшін қайтадан ғұсыл алу шарт емес. Намаздарыңызды әдеттегідей оқисыз, тек, әр уақытылы намазға дәрет жаңартып тұруыңыз керек.
Осы орайда, әйел гинеколог маманға көрінуді де ұмытпаған жөн.
[1] Ибн Ғабидин: Раддул мухтар – 2/251 бет.
Өзекті сұрақтар
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?
■
Тарауих намазы қалай оқылады?
Көп оқылғандар