Қазақстандықтар Бразилияда визасыз 30 күнге дейін бола алады
Қазақстандықтар Бразилияда визасыз 30 күнге дейін бола алады
8 жыл бұрын 2190 24.kz glavtour.kg

Рио Олимпиадасына бару отандастарымыз үшін едәуір жеңілдеді. Енді Қазақстан азаматтары Бразилияда 30 күнге дейін визасыз бола алады. Мұндай мүмкіндікке бразилиялықтар да ие болып отыр. Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Баризилияның Қазақстандағы елшісі Деметрио Буэно Карвальо тиісті келісімге қой қойды. «Сондай-ақ, бұл құжат 200 млн халқы бар Латын Америка мемлекетінен келер жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне туристердің көптеп келуіне септігін тигізеді», - дейді қазақстандық дипломат. Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары: - Бразилия – Латын Америкасында, әлем деңгейінде өте үлкен, беделді мемлекет. Сол үшін бізге бұл келісімге қол қоюдың маңызы зор. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, 10 күннің ішінде Бразилияда Олимпиада ойындары басталады. Сондықтан, жақын арада бұл келісімді күшіне енгізіп, біздің азаматтарымыз сол Олимпиадаға визасыз барады деп үміттенеміз. Деметрио Буэно Карвальо, Баризилияның ҚР елшісі: - Келісім Олимпиада ойындары қарсаңында да, келешекте де екі ел үшін өте маңызды. Бұл құжат қос мемлекет арасындағы бизнес-байланысты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Соңғы жылдары Орта Азияға, оның ішінде Қазақстанға сапар шегетін бразилиялықтардың саны артып келе жатқанын байқауға болады. Бүгінде Қазақстан Бразилияға инвестиция құйып жатыр. Біз де қазақ нарығының әлеуетін зерттеп отырмыз.

 

0 пікір
Мұрағат