Өзін жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандар міндетті зейнетақы жарналарын Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпоративіне төлеуге міндетті. Бұл жайында Алматыда өткен брифинг барысында БЖЗҚ АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Зейнетақы төлемдеріне қатысты жаңа өзгерістер
|
Бұған дейін 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ-ның өзара әрекеттестігі туралы ережесіне қатысты толықтырулар енгізілген. Соған сәйкес «Бір терезе» қағидаты қолданыла отырып, композиттік қызмет қолға алынғаны бұған дейін айтылған болатын.
«Осы қағидаттардың редакциясына сәйкес жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар және кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын Азаматтарға арналған үкімет мемлеккетті корпоративіне төлеуге міндетті», - дейді С.Егеубаева.
Оның айтуынша, қазір бұл қағидалар жоғарыда енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес нақтыланып жатыр. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруда шоттары жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустер, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын қорға аудару үшін оларды екінші деңгейлі банктерге қолм-қол ақша ретінде енгізеді.
«Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда аталған тулғалар БЖЗҚ-на республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменге жалақы мөлшерлемесінің 10 пайыздық есебінен өз пайдасынан міндетті зейнетақы жарнасын төлеуге құқылы», - дейді ол.
Егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуы қажет екен.
Сонымен қатар, ол аталған түзетулер міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен азаматтардың зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында енгізіліп отырғандығын жеткізді.
«Қазіргі күні елімізде үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Ол мемлекетті, жұмыс берушілерді және барлық жұмыс істеуші азаматтарды, оның ішінде жалданып жұмыс істейтін азаматтарды да қамтиды. Уақыт өте келе зейнетақы жүйесінің жинақтаушы бөлігі басымдыққа ие болады, сондықтан жұмыспен қамтылған тұрғындарды зейнетақы жүйесімен барынша қамту қажет. Сәйкесінше міндетті зейнетақы жарналарын қорға уақытылы және тұрақты негізде аударып отыру азаматтардың барлық санаты, оның ішінде азаматтық құқықтық шарттары аясында жұмыс істейтін азаматтар үшін өте маңызды», - деп атап өтті Сәуле Егеубаева.
Оның айтуынша, бұл зейнетақы жинақтары сомасын арттырып қана қоймай, базалық зейнетақы мөлшерін арттыруға да мүмкіндік береді. Себебі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу барысында 1998 жылға дейін еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі де ескеріледі екен.