Турагенттіктер шетелге шыққан әр турист үшін арнайы қорға 1000 теңге аударып тұрады
Турагенттіктер шетелге шыққан әр турист үшін арнайы қорға 1000 теңге аударып тұрады
8 жыл бұрын 2260 Baq.kz КТК

Қыдыруға баратын еліміздің туристері енді шет елде тентіремейтін болды. Үкімет туроператорларға алданып немесе оқыс жағдайда жат жерде қалып қойған отандастарымызды елге жылдам қайтару үшін арнайы қор құрып жатыр.

Қор кәдімгі сақтандыру компаниясының рөлін атқарады. Яғни, барлық турагенттіктер шетелге демалуға шыққан әр клиенті үшін осы қорға мың теңгеден ақша аударып тұрады. Сонымен қатар, кепілдік ретінде екінші деңгейлі банктерден шот ашып, 10 миллион теңге салып қоюға міндетті. Сөйтіп, шет елде саяхаттап жүрген отандастарымыз алда жалда туроператорға алданып, немесе оқыс жағдай бола қалса осы қор туристерді елге қайтарумен айналысады. Сөйтіп, Инвестициялар және даму министрлігі бұл саладағы бітпейтін жанжалдарды болдырмауға тырыспақ. Сондықтан министрлік турагенттіктер мен операторларды осы қормен келісімшартқа отыруға міндеттеп жатыр. Бұл шаруаға 10 тәулік уақыт берілген.

«Азаматтар қалып жатса, шет елде Түркияда, мысалы, арнайы шотқа ақша алынады. Сол ақша арқылы туристерді шығарамыз. Бірақ, қор ең алдымен санап шығады қанша керек екенін, сосын Инвестициялар және даму министрлігінен келісім алынады. Сосын туристерді шығарамыз», - дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің департамент директоры Марат Иғали.

0 пікір
Мұрағат