Талдықорғанда оқушы көшет отырғызатын робот құрастырды
Талдықорғанда оқушы көшет отырғызатын робот құрастырды
5 сағат бұрын 81 24.kz Khabar NEWS

Жетісу облысының жас өнертапқыштары көшет отырғызатын робот құрастырды, деп хабарлады 24.kz 

Жасанды интеллектпен басқарылатын құрылғы жерді бұрғылап, ұңғымаға тал шыбықтарды конвейермен түсіріп, қазылған топырақты қайтадан көміп отырады. Осылайша бір сағатта 180 көшет еге алады. Орнатылған бейнекамералар алдындағы көріністі сканерлеп бөгеттерді айналып өтуге мүмкіндік береді. Ағаш отырғызып ғана қоймай, қоқысты да жинайтын робот 20 шақты адамның жұмысын істей алады, дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары. Олар жобаны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы басталғанда қолға алған. Бір жылда жасап шыққан құлтемірді жасөспірімдер Германияда өткен робототехника байқауына апарып, үшінші орын иеленді.

Аяулым Әлиева, жас өнертапқыш: -Бұл идеяға негізгі келу себебіміз, ол біздің Қазақстанға көмектесу. Яғни, экологиялық проблемалардың шешімін табу болып табылады. Біз білетіндей, Қазақстанда неше түрлі экологиялық проблемалар бар. Және олар жасырылмайды да. Бәріміз білеміз ол  туралы. Солардың шешімін табу үшін біз «Көзқарас» командасымен осы проекті бастаған болатынбыз.

Талдықорғанда оқушылар медициналық робот құрастырды

Медбикені робот алмастыратын күн алыс емес. Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Еркежан Үмбетбаева мен Виктор Кахно медициналық робот құрастырған. Дәрігер науқасты тіркеп, дәрі-дәрмек пен қажетті емдік шаралар тағайындағаннан кейін Мed-Bot робот іске кіріседі.

Таразда мектеп оқушысы өрт сөндіретін робот құрастырды

Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназия оқушысы өрт кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін робот ойлап тапты, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Вячеслав Кузьмин 9-сынып оқушысы. Ол техникалық-шығармашылық орталықта қосымша білім алады. Төтенше жағдай кезінде көмек болатын құрылғыны осы орталықта тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жасап шығарған. Роботқа «Темір-Батыр» деп ат қойған. Құлтемір өрт кезінде жалынды сөндіріп, қою түтін ішінде қалған адамды да іздеп таба алады.

«Роботтың алдында кедергілерді итеруге арналған құрылғысы және камерасы бар. Темір-Батырды қашықтықтан басқарып, камера арқылы өрт болған жерді көруге, ультрадыбысты қондырғының көмегімен өрттің қай жерден шыққанын, адамның бар-жоғын анықтауға болады. Роботтың ішіне екі бак орнатылған. Оған жағдайға байланысты көпіршік немесе су толтырылады. Сұйықтық қысыммен 5 метр қашықтыққа шашылады», - дейді өнертапқыш.

Вячеслав Кузьмин Темір-Батырды Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті мамандарына апарып көрсетпек. Патент алып, роботты тағы да жетілдіру жоспарында бар.

Келестік екі оқушы қоқыс жинайтын робот құрастырды
Ақтаулық оқушы жылыжай суаратын робот құрастырды

Дарынды қыз химия және биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сыныбында оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24». Роботты техника саласында жаңа жобаны өткен жылы қолға алған. Қазір макет түріндегі роботты мектеп жылыжайында сынақтан өткізіп жүр. Ақылды құлтемір өздігімен топырақтың ылғалын өлшейді. Содан соң қажетті мөлшерде ғана су шашып, өсімдіктердің солып қалмауына септеседі. Оқушы қыз енді жобасын жетілдіріп, GPS құрылғысын орнатуды көздейді. 16 жастағы өнертапқыш наурызда өтетін республикалық ІТ-сайысқа қатысуды жоспарлап отыр.

 

0 пікір
Мұрағат