Шетелде қарулы қақтығыстарға қатысқан адамдар Қазақстан азаматтығынан айырылуы мүмкiн
Шетелде қарулы қақтығыстарға қатысқан адамдар Қазақстан азаматтығынан айырылуы мүмкiн
8 жыл бұрын 2350 Baq.kz

Ақтөбе мен Алматыдағы жағдайдан кейiн елiмiзде бiрқатар шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мәселен, шетелде қарулы қақтығыстарға қатысқан адамдар Қазақстан азаматтығынан айырылуы мүмкiн. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтты.

"Iшкi iстер министрлiгi Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған барлық шараларды негiзгi орындаушы болып табылады. Бiрiншiден, министрлiк мемлекеттiк органдармен бiрге қолданыстағы заңнамаға енгiзiлетiн өзгерiстердi пысықтап жатыр. Шетелге экстремистiк және террористiк қызметке қатысуға кеткен адамдарды азаматтықтан айыру және олардың елге қайта келуiне кедергi келтiру қарастырылады. Бұл мәселе келiсiлiп жатыр, ол халықаралық тәжiрибенi ескерiп, жан-жақты таразылауды қажет етедi", - дедi Қ.Қасымов.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейiн полицейлер мен әскери қызметшiлердiң әскери дайындығы мен моральдық-психологиялық жағдайы тексерiлмек. Осы жұмыстың нәтижесi бойынша тиiстi iс-шаралар қолға алынады. Сондай-ақ, министрлiк жеке құрамның қызметтiк- әскери дайындығын ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл мақсатта iшкi резерв есебiнен қызметкерлердi дайындау орталығы құрылмақшы.

Осыған қоса, қару-жарақ дүкендерiн техникалық жарақтандырудың бiрыңғай талаптарын бекiту бойынша қолданыстағы заңға өзгерiстер дайындалды.

0 пікір
Мұрағат