Сауд Арабиясы Қазақстанды «қауіпті» елдер санатына қосты
Сауд Арабиясы Қазақстанды «қауіпті» елдер санатына қосты
4 жыл бұрын 3450

Сауд Арабиясының үкіметі өз азаматтарына уақытша электронды виза беруге тыйым салған. Тыйым салынған жеті мемлекеттің бірі – Қазақстан. Бұл жайында bairaq.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Сауд Арабиясының Туризм министрлігі Қазақстанды коронавирус көп тіркелген мемлекеттер санатына енгізіпті. 

Коронавирустың елде таралуының алдын алу мақсатында жасалған сақтық шарасының міндеммелеріне сәйкес, арабтар Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстанға виза ала алмайды. 

Ал біршама уақыт бұрын виза алған азаматтар әзірге бұл мемлекеттерге бара алмайды, ал кетіп қалған жағдайда Сауд Арабиясына келе алмайды, уақытша. 

Қазақстан бұл тізімге қалай енді? Әзірге ешқандай мемлекеттік мекеме бұл сұраққа жауап бермеді. Қызық... тылсым... жұмбақ...

0 пікір
Мұрағат