|
ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2018 жылғы демалыс күндері ауыстырылды
|
Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылды. Бұл жайында primeminister.kz ақпарат көзі хабар таратты.
2018 жылғы демалыс күндері:
- 3 наурыздан 9 наурыз жұмаға;
- 28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге;
- 5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге;
- 25 тамыздан 31 тамыз жұмаға;
- 29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді.
Анықтама: ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді