|
Қажылыққа баратындар үшін Qajy Guide қосымшасы іске қосылды
|
Мобильді қосымша қажыларға сапар барысында қажетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарына аттанатын азаматтарға арналған Qajy Guide ("Қажы гид") атты жаңа цифрлық қосымшаны іске қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Qajy Guide – ҚМДБ-ның ресми жобасы әрі қажылық пен ұмра сапарына баратын жандарға арналған тегін цифрлық көмекші платформа.
Платформада қажылық пен ұмра ғибадатын орындау тәртібі толық түсіндіріліп, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бірнеше пайдалы бөлім енгізілген.
Атап айтқанда, қосымшада қасиетті орындарға арналған виртуалды тур, ғибадат жасау жолдары, діни әдебиеттер, сұрақ-жауап бөлімі, діни терминдер сөздігі, карталар және ресми туроператорлар тізімі қолжетімді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды