«НҰР-МҮБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІ 15 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)
«НҰР-МҮБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІ 15 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)
8 жыл бұрын 6376 muftyat.kz
«Нұр-Мүбарак» университетінің 15 жылдығына  арналған  «Ислами білім беру орындары және олардың жаңсақ түсініктерді түзетудегі рөлі»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қос мемлекет арасында құрылған «Нұр-Мүбарак» университетінің Қамқорлар кеңесінің 6-шы отырысымен басталған мерекелік шара оқу орнының атқарған жұмыстары мен болашаққа қатысты түйткілдерді ортаға салды. Қандай мәселеде де «Нұр-Мүбарактың» нұрлы болашағы мен қос мемлекеттің ынтымақтастығын нығайта түсу жолдары қарастырылды.

Қамқорлар кеңесінің отырысынан соң 300-ден аса қатысушының басын қосқан Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қасиетті Құран аяттары мен екі ел әнұрандарымен ашылып, «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, доктор, профессор Жуда Басюни мырзаның алғысөзімен басталды.

Конференция Президиуымының қазақстандық мүшелері ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ЕАР Уақыфтар министрі профессор Мұхаммад Мұхтар Жұма, ЕАР мүфтиі профессор Шауқи Ибраһим Аллам мырзаларға  алғыстарын білдірді.

Діни жаңсақ түсініктерді түзетудегі ислами оқу орындарының маңыздылығын  айта келе Қазақстандағы діни мамандарды  даярлауда «Нұр-Мүбарак» университетінің орнын ерекше атап өткен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сүйінші жаңалығы көпшілікті қуанышқа бөледі. «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры профессор Шамшәдин Керім мырзаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елулі үлесі үшін» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапаталды. 

Профессор Шамшәдин Тұрсынұлы аманат алтын төсбелгіні табыстаған Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлына, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына бүкіл университет атынан алғыс білдірді. Себебі, «Бұл марапат тек маған ғана емес, 15 жыл бойы  бірлікте еңбе етіп келе жатқан «Нұр-Мүбарак» университетіне берілген баға» деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Алматыдағы «Intercontinental Almaty» қонақ үйінде салтанатты түрде басталған халықаралық конференция «Нұр-Мүбарак» университетінің шаңырағында секциялық жұмыстармен жалғасып, ғалымдар мен ғылым ізденушілердің мақала-баяндамаларын талқылау, тың пікірлер мен ұсыныстарды ортаға салумен  жалғасты. 

 
0 пікір
Мұрағат