Бояулы медресесінің кітап қоры – 12 700 дана
Бояулы медресесінің кітап қоры – 12 700 дана
8 жыл бұрын 4220 nurgasyr.kz/ Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Былтырғы мамыр айында Балқаш ауданының Бояулы ауылында медресе ашылған болатын.

Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы «Молдақасым ата» мешіті жанындағы қайырымдылық жеке мекемесі деп аталады.

Отыздан астам отбасы шоғырланған, 180-ге жуық  тұрғыны бар Бояулыдағы аталған медресенің бой көтеруіне қолдау көрсеткен ауданның Құрметті азаматы Балтағұл Молдақасымов есімді азамат.

«Молдақасым ата» мешіті қасындағы қайырымдылық жеке мекемесінде қазіргі таңда 25 азамат төрт оқытушыдан діни сауат ашып, білім алуда. Аталған оқыту мекемесі 2 сынып, 1 оқу залы, асхана, кітапхана және жатақханамен жабдықталған. Кітап  қоры - 12 700 дана.  Медреседен білім алған шәкірттер «Нұр Мүбәрәк» университетіне тікелей жолдама алады. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Балқаш ауданында Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте ауыл мешітінің имамы Сәкен Сүйеров айтып берді. 

 

0 пікір
Мұрағат