Ақтөбеде «Үлгілі мешіт» байқауының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
Ақтөбеде «Үлгілі мешіт» байқауының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
8 жыл бұрын 2441 muftyat.kz «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында ауылдық мешіттер арасынан «Үлгілі мешіт» байқауының жеңімпазы Қобда ауданы Әлия ауылдық «Рахман» мешіті атанды. Байқауда мына шарттарға мән берілді. Олар: мешіттердің көрікті болуы (күмбезі, қоршауы, мұнарасы, мінбері, күрделі жұмыс жөндеуден өткен болуы), мешіт ішкі және сыртқы ауласының тазалығы, ауласының көгалдануы (жеміс ағаштары, тал, терек, шырша және т.б. түрлі гүл көшеттерінің егілуі), құжаттарының толық болуы, арнайы дәретханасының болуы, дәрісханалар мен қызметтің бөлмелердің болуы, үгіт-насихат пен дәрістердің тұрақты жүргізілуі мен қоғамдық іс-шараларға белсене араласуы және жамағат бірлігін арттыру мақсатында іс-шаралардың атқарылуы.

Осындай көркем мешіттің бой көтеруіне септігін тигізген сол ауылдың тумасы әрі жанашыры Әбілхайыров Мұхтар есімді азамат. ҚМДБ-ның Ақтөбе өңірі бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан Әлия ауылына арнайы барып, жамағатпен кездесіп, халық алдында сол мешіттің жағдайын жасап отырған азаматқа және халыққа дінді үйретіп жатқан имамды құттықтап, «Үлгілі мешіт» марапатын қолдарына табыстады. 

0 пікір
Мұрағат