Қазақстанның қай қала тұрғындары ең жомарт жандар?
Қазақстанның қай қала тұрғындары ең жомарт жандар?
8 жыл бұрын 3565 stan.kz

Орташа есеппен бір қазақстандық қайырымдылыққа жылына екі рет 2235 теңгеден береді. Ал, Қазақстанның қай қала тұрғындары жомарт келеді? 

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Ең жомарт жандар Алматы қаласында тұрады. Ақша зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан азаматтары коммерциялық емес ұйымдарға төленетін ақшалай жәрдем көлемін сегіз есе көбейтті.

Ақшалай жәрдемдерді 500-ден астам коммерциялық ұйымдар қабылдайды. Олардың ішінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры, Дүниежүзілік әлеуметтік даму қоры, Greenpeace, сонымен қатар6 “Подари жизнь”, “Обнаженные сердца”, “Милосердие”, “Дети Земли”, “Линия жизни” қорлары және т.б. бар.

Соңғы жылдары өзгелерге көмек қолын созғысы келген қазақстандықтардың саны жеті есе өсіпті. Олардың әрқайсысы орта есеппен жылына екі рет 2235 теңгеден қаражат бөледі. Қазақстандық қолданушылардың ішінде ең жомарт жандар – Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен және Павлодар қалаларының тұрғындары. Зерттеу барысында 2015 жылғы қыркүйекпен 2016 жылғы қыркүйек аралығындағы және бір жыл бұрынғы дәл осы кезең бойынша ақша аударымдары қарастырылды.

0 пікір
Мұрағат