Өткен аптада АҚШ-тың BNY Mellon банкі Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд долларын бұғаттап тастаған. Оған Молдова кәсіпкері Анатолий Стэти мен оның компанияларының Қазақстан үкіметі үстінен түсірген шағымы себеп болған. Аталған мәселеге қатысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
|
Қазақстанның бұғатталған 22 млрд доллары қайтарыла ма?
|
«Менің ойымша, бұл мәселеге қатысты алдағы уақытта талқылаулар болатын шығар. Бірақ бұл – қаражат ұлттық қордағы қаржы. Демек, бұл қаржы – халықтың қаражаты. Сондықтан бұл ақшаны біз ешкімге бермейміз. Алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылданады. Осы бағытта біздің министрліктер мен ведомстволар арнайы жұмыс жүргізеді. Заңгерлеріміз бен мемлекеттік органдар аталған мәселемен айналысуда. Сондықтан бұл мәселеде «дұрыс шешім қабылданады» деген сенімдемін. Заңды жолмен бұл қаражатты қайтарамыз. Оған ешкімнің күмәні болмауы керек», - деді депутат журналистерге Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін.
Айта кетейік, АҚШ-та бұғатталған қаржы көлемі ҚР Ұлттық қорының 40%-ын құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай соты жасанды зердемен алмастыру мақсатында қызметкерлерді жұмыстан қууға тыйым салды
■
Көп ретті виза қажетті қызметтерді брондау процедурасынан құтқармайды
■
Cусамыр дертін иммуннитет белсенділігін тежемей-ақ емдейтін инновациялық әдіс пайда болды
■
Ішімдік уытының денеден толық шығуы үшін қанша уақыт кететіні айтылды
■
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды