Қазақстанда қандай шетел азаматтарына уақытша тұруға рұқсат етіледі?
Қазақстанда қандай шетел азаматтарына уақытша тұруға рұқсат етіледі?
6 ай бұрын 550

Шетелдіктерге Қазақстанға келуге негіз болатын құжаттар болуы керек.

ҚР аумағында болғысы келетін шетелдік азаматтарға қатысты енгізілген өзгерістер биыл қаңтардан бастап күшіне енді. Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алу үшін олар төмендегі нұсқаулықтарды орындауы қажет, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмысқа, оқуға, емделуге, отбасымен бірігуге келген шетел азаматтары, бизнес бойынша көшіп келушілер уақытша елде болуға рұқсат ала алады. Оларға елде бір жылға қалуға құқық беріледі. Келуге негіз болатын құжаттар болуы керек. Жұмысқа рұқсат немесе еңбек келісімінің болуы, оқу үшін – оның оқығаны туралы құжаттың болуы, емделу үшін – стационарлық емделуде тұрғаны туралы анықтаманың болуы міндетті.

Отбасына келу мақсатында уақытша тұруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар:

1) өтініш-сауалнама;

2) ақпараттық жүйелерге мәліметтерді енгізу үшін шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжат (құжаттар өтініш беруші адамға қайтарылады);

3) шақырушы адамда қаражаттың болуын растау үшін банк шотынан үзінді көшірме немесе жалақы туралы анықтама (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі бір адамға 31 183 теңгені құрайды);

4) шақырушы адамның меншігінде тұрғын үйдің бар екенін растайтын ХҚКО-нан анықтама немесе тұрғын үй иесінің (жалға берушінің) келісімі;

5) шетел азаматына (бірге болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне) медициналық сақтандыру немесе МӘМС қатысқанын растайтын анықтама (ҚР бұрынғы азаматтары үшін);

6) шақырушы адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжаттардың көшірмелері (түпнұсқалармен салыстырылған);

7) шетелдік азаматтың соттылығының бар не жоқ екенін растайтын анықтама.

Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш беруге кімнің құқығы бар?

1) кәмелеттік жасқа толған, ҚР заңнамасымен танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы;

2) он сегіз жасқа толмаған, некеде тұрмайтын және демеушінің асырауында және/немесе қамқорлығындағы, оның ішінде асырап алған балалары;

3) он сегіз жастан асқан, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына байланысты себептер бойынша өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз, оның ішінде асырап алған балалары;

4) демеушінің асырауындағы, еңбекке жарамсыз ата-аналары;

5) оларды ұстау демеушінің міндеті болып табылатын, отбасының өзге де мүшелері, демеушінің отбасын біріктіру мақсатымен елге келуші отбасы мүшелері бола алады.

Шетелдіктер визасыз кірген жағдайда шекарадан өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен, сондай-ақ әрбір кезең ішінде 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат