Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады
Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады
7 жыл бұрын 2847 inform.kz

Қазақстанда 1 қазан күні тұрғындарды тұмау және өткір респираторлық вирустық инфекциялардан қорғау мақсатында жаппай егу басталады.

“Жыл сайынғы дәстүр бойынша иммундау кампаниясы 1 қазаннан басталады. 2017-2018 эпидемия маусымына арнап бюджеттің 1 млрд 200 млн теңге қаржысына Ресейде шығарылған “Гриппол” вакцинасының 1 454 161 дозасы алынды. Оның құрамында В тұмауына, A(H3N2) және A(H1N1 ) маусымдық тұмауларына қарсы штамм антигендері бар”, – деп мәлімдейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда тұмауға қарсы үш түрлі вакцина ресми тіркелген. Олар – “Ваксигрип” (Франция), “Инфлювак” (Нидерланды) және “Гриппол плюс” (Ресей). Тұмауға қарсы егу үшін осы үшеуінің кез келген біреуін қолдануға болады. “Мемлекеттік бюджет есебінен халықтың созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммунитет жетіспеушілігі бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер сияқты мейлінше әлсіз тобына дәрі егіледі”, – дейді кеңсе баспасөз қызметіндегілер.

Мұнымен қатар, жұмыс берушілер мен тұрғындардың есебінен вакцина егіледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы тұмауға қарсы күресудің ең тиімді құралы тұмауға қарсы егу шараларын жүргізу екенін айтып отыр.

0 пікір
Мұрағат