Қазақстан мен Кувейт банк пен қорғаныс саласында ынтымақтастықты дамытпақ
Қазақстан мен Кувейт банк пен қорғаныс саласында ынтымақтастықты дамытпақ
8 жыл бұрын 2428 bnews.kz Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

Қазақстан мен Кувейт алдағы уақытта банк пен қорғаныс саласында ынтымақтастықты дамытпақ. Бұл туралы Қазақстанның Кувейт Мемлекетiндегi Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Алмас Әбдіраманов ҚР Сыртықы істер министрлігінде өткен брифингте мәлiмдедi. 

«Қазақстан мен Кувейт алдағы уақытта банк, қорғаныс, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастықты дамытпақ. Бүгiнгi күнi Кувейттiң банк жүйесiн тарту көзделiп отыр. Ол мемлекетте 10-ға жуық коммерциялық банк жұмыс iстейдi, оның 40 пайызы исламдық қаржыландырумен айналысады. Бұл үлкен тәжiрибе болғандықтан, оларды Астанада ашылатын Қаржы орталығына тартуға тырысып жатырмыз», - дейдi елшi.

Оның айтуынша, қос ел арасындағы қарым-қатынас ендi ғана дамып келе жатқанына қарамастан, Кувейт бизнесi 2007 жылдан берi Қазақстан нарығында. Мысалы, Қазақстан аумағында Кувейт елiнiң жылдам тамақтану орындары ашылған. Сондай-ақ, қазiргi таңда Кувейт қазақстандық ет пен сүт өнiмдерiне қызығушылық бiлдiріп отыр.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда айналымы 2015 жылы 74,6 мың АҚШ долларын құрады. Оның 51,4 мың доллары – экспорт (металл өнiмдерi), 23,2 мың доллары – импорт (бояу). Сондай-ақ, Қазақстан-Кувейт сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия жұмыс iстейдi. 4-отырыс Кувейтте 2016 жылдың 2-3 қарашасында өтедi. Оның барысында түрлi салалардағы ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты шешiмдер қабылданбақ.

0 пікір
Мұрағат