ОҚО-да салынып жатқан қабырғасы қисық мешіт көпшілікті таң қалдырды
ОҚО-да салынып жатқан қабырғасы қисық мешіт көпшілікті таң қалдырды
8 жыл бұрын 6211 Zamana.kz

Сарыағаш ауданының Біртілек ауылында салынып жатқан ерекше мешітке ауыл тұрғындары таң қалып отыр.

 «Бұл мешіт пе, әлде шіркеу ме? Неге қабырғалары қисық-қисық? Жергілікті әкімдік пен аудандық мешіттің имамы осыны дұрыстамай қайда қарап отыр?» – дейді тұрғындар.

«Исламда да, Қазақстанның заңдарында да мешіттің қандай формада болуы керектігі туралы көрсетілмеген. Тек хадисте ғана мешітті әшекейлей бермеу керектігі айтылады. Біз осы мешітті саларда ауыл тұрғындарына құдайы тамақ беріп, алдарына бес түрлі жобаны ұсындық. Барлығы ақылдасып, осы жоба дұрыс дегенге тоқталды. Содан біз, ағайынды жігіттер құрылысты былтыр бастадық. Алла бұйыртса, келесі жылы ораза айы басталмай тұрып мешітті халықтың игілігіне берсек деген ниеттеміз.Жерді өз ақшамызға сатып алып, оны діни басқарма меншігіне бердік. Енді сол жерге тұрғызылған мешіттің де құжаттарын соған өткіземіз. Мешітке атау беріп, имам белгілеу де басқарманың құзырында. Әрине, өз ұсынысымызды жасаймыз, оған біздің құқымыз бар”, – дейдң мешітті салушы Жандарбек Асанов есімді азамат.

Содан соң, ол мешіт қабырғаларының неліктен қисық екенін түсіндірді.

“Ол ешқандай қисық емес және әсемдік үшін де жасалған жоқ. Әр бұрыштың өзіндік атқарар жұмысы бар. Жер қозғалысына арнап есептелген. Қандай терезеге қарасақ та 180 градусты көре алмаймыз. Ал бізде терезеден қарасаң, 180 градустық ендікті толық бақылай аласың. Мұның барлығы есептелген. Мешіт жоғарыдан қарағанда сегіз бұрышты жұлдызшаны көз алдыңа елестетеді. Сегіз бұрыш – бұл Исламның белгісі, мұны діни басқарманың өзі қолдады. Мешіттің сырты ғана емес, төбесі мен едені де сегіз бұрышты болып келеді. Кіре берістегі төселген кафельдері де сегіз бұрышты. Мұның барлығы алдын-ала ойластырылған. Біздегілер төрт бұрышты, дөңгелек күмбезді мешітке үйренген. Ол бізге бұрынғы ирандық шеберлерден келген. Алғашқы мешітті солар келіп жасағандықтан біз оған үйреніп қалдық. Басқаша болса тосырқай қарайтынымыз сондықтан”, – дейді ол.

1 пікір
Мұрағат