Шартарап: Жапон полициясы дрондарға қарсы күрес жүргізуде (видео)
Шартарап: Жапон полициясы дрондарға қарсы күрес жүргізуде (видео)
8 жыл бұрын 3564 24.kz

Жапония полициясы тыйым салынған орындарда ұшып жүрген дрондарға қарсы гексакоптерлерді қолдана бастады. Үлкен тормен жабдықталған олар заңды бұзған ұшу аппараттарын ұстап алып, тәртіп сақшыларына жеткізіп отырады. Мұндай антидрондардың 10-ы ақпанда іске кіріспек. Ауа кеңістігіндегі тәртіпті арнайы құрылған полиция бөлімі қадағалайды. Жалпы жаңа ережелердің күшіне енгеніне бір апта болды. Оларға сәйкес дрон иелері адам көп шоғырланған орындарда, әуежай маңында, үкімет ғимарттары, атом электр стансалары мен стратегиялық маңызды нысандардың қасында аппараттарын іске қоспас бұрын арнайы рұқсат алуы тиіс. Ережені бұзғандар үшін 500 мың йена көлемінде айыппұл да қарастырылған. Біздің ақшаға шаққанда ол жарты миллион теңгеге тең.

 

Ирландиялық бикеш өзінен аумайтын сыңарын Швециядан тапты 

Ирландиялық бикеш өзінен аумайтын сыңарын Швециядан тапты

Ирландия тұрғыны Шэннон Лонерган таяуда басынан қызық оқиғаны өткерді. TwinStrangers.com арнайы сайтынан түрі өзіне қатты ұқсас Сара Нордстрёмді көріп қалған бикеш, оны Швециядан Дублинге шақырды, деп хабарлайды Daily Mirror. Ал олар жолыққан кезде, тіпті екеуінің бір анадан туылғандай ұқсас екендігі анықталды. Сөйтіп, 21 жастағы Лонерган мен кәмелетке тола қоймаған Нордстрём табиғаттың мұндай құпия жұмбағына таң-тамаша қалысты.  Шэннонның айтуынша, олардың мұрындары, еріндері мен көздерінің қаншалықты ұқсас екендігін сипаттап айтуға сөзі жетпейді екен. «Сара екеуіміздің, тіпті көзқарасымыз бен жүріс-тұрысымызға дейін бірдей», - дейді ол. Тек олардың мінез-қылықтарында аздап айырмашылықтың бары анықталыпты.

0 пікір
Мұрағат