Жыл басынан бері 5 жарым мыңнан астам адамға іздеу салынған
Жыл басынан бері 5 жарым мыңнан астам адамға іздеу салынған
8 жыл бұрын 3362 khabar.kz

Статистика бойынша жоғалғандардың саны көбеймеген. Алайда, әлеуметтік желілерге жиі жүгіне бастағанымыздан осылай сияқты болып көрінуі мүмкін. Көбіне ер адамдар мен жасөспірімдер жоғалады. Бірі маусымдық жұмыстарға көбірек шығатындықтан болса, балалар ата-анасының қаһарынан қорқып, үйден бой тасалайды екен. Шымкентте шілде айының 28-і күні 16 жастағы Айдана Қаһарман жоғалып кетті. Жасөспірім көркемөнер мектебіндегі сабағынан шығып, үйіне оралмаған. Достары мен туыстары да оны көрмегендерін айтады. Қазір Айдананы құқық қорғау органдары мен еріктілер іздестіруде. Ал бір ғана Атырау облысында іздеу жарияланған адамдардың саны 3 есеге артқан. Мысалы, өткен жылдың 1 тамызына дейін 30 адам із-түзсіз кетсе, биылғы 8 айда жоғалғандар саны 80-ге жетіп отыр. Әзірге тек 49-ы табылды. Олардың арасында отбасынан қашқан жасөспірімдер де бар. Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы: - Баланың жоғалуы қашан да төтенше жағдай саналады. Оны іздеуге арнайы жедел іздестіру тобы құрылып, көптеген адам тартылады. Үйінен кетіп қалған жасөсіпірмдер көбінесе достарының үйінде, вокзал маңынан табылып жатады. Сол үшін ІІД Криминалдық полициясы басқармасы жанынан арнайы іздестіру бөлімі жұмыс істейді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, көбінесе жүйке ауруына шалдыққандар мен қылмыс жасаған тұлғаларға іздеу жиі жарияланады.  Мәселен,Шымкентте шілденің 28-і күні жоғалып кеткен егіздердің дамуында тежелу болғандықтан қайда болғанын және қайда бара жатқандықтарын айтып түсіндіре алмаған. Бір қуантарлығы, Садықовтарды полиция қызметкерлері келесі күні теміржол вокзалынан тапқан. Дін-аман. Шілденің басында 14 жастағы Астана тұрғыны Жансая Әбілқайырдың 2 жастағы інісі Асқар Нұрәлиді алып, автобуспен Алматыға кетіп қалғанын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ. Отбасында кикілжіңдер туындаған соң, қыз күйзеліске ұшыраған көрінеді.  Психологтардың айтуынша, ата-ана мейіріміне зәру балалар өзіне назар аудару үшін осындай қадамға жиі барады. Дана Серікова, психолог:  - Мұндай жағдайда ата-ана баланың не қалайсың, саған қалай ұнайды, кел сөйлесейік деген жағдайлар болмайды. Сол үшін ондай жағдайда ондайотбасында бала қорқып, ата-анасынан бір нәрсе сұрауға да қорқып, өзінше жасап, оны жасырып, өзі қашып кетіп, телефонын өшіріп, мен ойлаймын сондай жағдай болған.

0 пікір
Мұрағат