Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жауапқа тартылады
Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жауапқа тартылады
8 жыл бұрын 3381 Baq.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату бойынша құрылған жұмысшы топ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оның алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізуде. 

Осы жылдың 24-26 наурыз аралығында жүргізілген рейд барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған бірқатар фактілер анықталды. Мәселен, Шымкент қаласы Бозарық айналма аумағында жүк арту көлігімен заңсыз сазды топырақты қазып, «Камаз» жүк көліктеріне артып жатқан тұлғалар анықталды. Оқиға орнына Шымкент қалалық ішкі істер бөлімі Қаратау полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы шақыртылып, құқықбұзушылық құралы ретінде пайдаланылған жүк тасу көліктері заңды шешім қабылданға дейін айыптұраққа қойылды. Сонымен бірге, 2016 жылдың 27 наурызы күні облыс әкімдігіне Төлеби ауданы Нысанбек ауылы мен Диханкөл ауылының төңірегінде заңсыз жер қойнауын қазып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шұғыл атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Диханкөл ауылының төңірегіндегі жүк арту көлігімен (погрузчик) құмды-қиыршық тас қоспасын «Камаз» жүк көлігіне артып жатқан тұлғалар мен Нысанбек ауылында жүк арту көлігімен (погрузчик) сазды топырақты жүк көліктеріне артып жатқан тұлғалар учаскелік полиция инспекторларымен ұсталғаны анықталды. Барлық анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жинақталған іс құжаттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 334 бабымен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін ішкі істер органдарына жолданды. Жалпы, биылғы жылдың 24-27 наурыз аралығында 3 жүк арту көлігі (погрузчик), 1 экскаватор және 7 жүк тасу көліктері айыптұраққа жөнелтілген. 

0 пікір
Мұрағат