Ғалымдар бидай тұқымының жаңа түрін ойлап тапты (видео)
Ғалымдар бидай тұқымының жаңа түрін ойлап тапты (видео)
8 жыл бұрын 6033 khabar.kz

Ақмола облысының Шортанды ауданында орналасқан Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бидай тұқымының тағы бір жаңа түрін ойлап тапты.  Ел диқандары үшін арнайы өндірілген астықтың бұл сұрпы бұған дейін тек Германия, Польша, Франция, Австралия, Қытай, Венгрия және Беларусь сынды елдерде өсірілген екен.  Қазақстандық бидайдың ерекшелігі ол қуаңшылыққа шыдамды келеді. Қазір зертханалық жағдайда сынақтардан өтіп жатқан жаңа тұқым енді 7-8 жылдан кейін егістік даласына себілетін болады. Мамандардың айтуынша, бұл сұрыптың болашағы зор.  Галина Штефан, зертхана меңгерушісі  -Бұл тұқымның қолданыс аясы өте кең. Оны шаруалар мал жемі ретінде де пайдалана алады. Ал оны өңдеп, диеталық тағамдарға да қосуға болады. Тритикале тұқымының тағы бір ерекшелігі ол құнарлығы төмен жерде өссе де, мол өнім беруі әбден мүмкін.

0 пікір
Мұрағат