Елімізде республикалық қой өсірушілер палатасы құрылды (видео)
Елімізде республикалық қой өсірушілер палатасы құрылды (видео)
8 жыл бұрын 2364 24.kz фото: fermer02.ru

Талдықорғанда төрт түліктің бірі қой шаруашылығымен айнасыушылардың палатасы ашылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен құрылған қоғамдық ұйым елде асыл тұқымды қойларды өсірумен айналысады. Палатада 600 өндіруші қойы бар арнайы орталық ашылды. Олар жекенің қолындағы малды ұрықтандырумен айналысады. Елімізде небәрі 300 мың асыл тұқымды қой бар. Сол себепті отандық ұсақ мал етінің сапасы халықаралық стандартқа сай келмейді,- дейді мамандар. Оның үстіне, бұл көрсеткіш ет экспортына кері әсерін тигізіп отыр. Мәселен, былтыр тек 1 тонна қой еті шетелге сатылған. Ал импорт көлемі 67 тоннаны құрады. Палатаны құру қажеттігі осы мәселелерден туындаса керек. Тынышбай Досымбеков, Республикалық қой өсірушілер палатасы кеңесінің төрағасы: - Біз бұл түйіткілді кешенді түрде шешпекшіміз. Малды жасанды жолмен ұрықтандырып, сатуға шығарамыз. Кейін жүнді де сатамыз. Сондай-ақ, мал бордақылайтын алаңдар санын арттыруды көздеп отырмыз. Палата құрылғандықтан, бұл мақсаттарды жүзеге асыру жеңілдейді деген ойдамыз.

0 пікір
Мұрағат