|
Елбасы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды
|
Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне барды. Нұрсұлтан Назарбаев Медина қаласында провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай ақ, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқып, Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.
Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына барды.
Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер жоспарланған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды
■
Жасанды зерде уақытты үнемдемейді, керісінше – ұзартады