Ел жаңалықтары: Елімізде алимент төлемейтін әкелерге қылмыстық іс қозғалмақ
|
Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Алматыда 18 мың әке перзенті алдындағы борышын өтеуден қашып жүр. Бұған дейін алимент төлемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып келген. Енді баласын құшақтап жалғыз қалған аналар бірден кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі сотқа барып, қылмыстық іс қозғау туралы талап арыз бере алады.
Жалпы, қазір Қазақстан бойынша алиментті өндіруге қатысты 213 мың сот шешімі шыққан. Борышкерлердің төрттен бір бөлігі ғана өзі біліп, балаға ақша аударса, қалғандары түрлі сылтаумен қашатын көрінеді. Өткен жылы заңға енгізілген өзгеріс бойынша осындай борышкер 3 айдан артық алимент төлемесе, қылмыстық іс қозғалып, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шетелге шығуға да тыйым салынады. Бір ғана Алматының өзінде бала алдындағы жауапкершіліктен қашып жүрген 18 мың азамат бар екен. Жыл басынан бері олардың тек жетеуіне қатысты қылмыстық іс
Қарттар үйіндегі ата-анасын жерлеуден бас тартатындар көбейген
Бүгінгі күні ата-анасын қарттар үйіне тапсырып, қайтыс болғанда жерлеуден бар тартатындар бар. Оңтүстік Қазақстан облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат директоры Мақсұтхан Дүйсебеков осынау ащы шындықты жайып салды. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Мекеме басшысының айтуынша, 260 адамға шақталған интернаттың іргетасы 1965 жылы қаланыпты. Бүгінгі таңда мұнда бірінші және екінші топтағы мүгедектермен қоса қарттар өмір сүреді.
"Тумысынан мүгедек жандарды 18 жастан бастап қабылдаймыз. Жалпы, мұнда 10 қызмет түрі көрсетіледі. Мемлекеттік әлеуметтік мекеме болғандықтан 100 пайыз мемлекет есебінен қаржыландырылады", - дейді директор.
Мақсұтхан Дүйсебеков мұндағы қарттардың шамамен 10 пайызының бала-шағасы бар екенін айтады. Олар бала-шағасын кезінде тастап кетіп, енді отбасына қайта бара алмай, осында мекен ететін көрінеді.
"Интернатта өмір сүріп жатқандардың қырық пайызы қазақтар. Мұнда балалары шетел асып, жалғыз қалғандар, шеттен Қазақстанға көшіп келіп, қараусыз қалғандар, тағдырдың жазуымен бала сүймегендер, тіпті балалары болса да далада қалған қарттар бар. Өкініштісі, интернат үйіндегі қайтыс болған кейбір қарттарымыз туралы хабар бергенде, оларды жерлеуден туған-туыстары, бала-шағасы бас тартады", - дейді мекеме директоры.
Қарттарға арналған мекемеде мүмкіндігінше жағдай жасалғаны байқалады. Мезгіл-мезгілімен тамақ беріледі. Күтім, медициналық көмек бар.
"Мұнда өмір сүріп жатқан әрбір адамның күтімі бақылауда. Бұл үшін мемлекет қаражат қарастырған. Оларға мемлекет тарапынан берілетін зейнетақысын алу үшін әрбіріне арнайы карточка аштырғанбыз. Бұл қаражатты өз қажеттеріне жұмсайды", - дейді Мақсұтхан Дүйсебеков.
Айта кету керек, мүгедек жандардың жақындары артынан іздеп келіп, үйіне алып кететіндері жоқ деуге болады. Қарияларымызды алып кеткен күннің өзінде қайтып келгісі келетіндер бар. Бірақ, талап бойынша оларды қайта қабылданбайды.