Ел іші: Қазақстанның көмір қоры 5 ғасырға жетеді (видео)
Ел іші: Қазақстанның көмір қоры 5 ғасырға жетеді (видео)
8 жыл бұрын 2923 khabar.kz

Қазіргідей жылына 100 млн тоннадан астам көмір өндіруді тоқтатпасақ та, Қазақстанда оның қоры әлі 5 ғасырға жетеді.  Еліміздегі энергия ресурстарының ішінде көмірдің үлесі бүгінде – 66 пайыз. Газ генерациясы, атом энергетикасы және баламалы энергия көздері дамып жатқандықтан, бұл көрсеткіш 2040 жылы 40 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар бүгінде көмірді зиянды қалдықсыз пайдаға жаратудың жолдарын іздеуде. Ұзақбай Қарабалин, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары -Біз бұл технология жөнінде білеміз. Егер ол іске асырылып, қолданысқа енгізілсе, бұл электроэнергетика саласындағы үлкен нәтижелі іс болатын еді. Әрі қоршаған ортаны қорғауда да мұндай технология өз жемісін береді.

Қазақстанда жыл сайын шамамен 70-80 миллион тонна мұнай өндіріледі

Соңғы 5 жылдағы көрсеткіш те осы шамада. Энергетика министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2010 жылы Қазақстанда жер қойнауынан 79 миллион тонна қара алтын шығарылған.  Одан кейінгі жылы мұнай баррелі 90 долларға дейін шарықтап, оның өндірісі де 80 миллион тоннадан асқан. Ал бес жылдағы ең үлкен өндіріс 2013 жылдың еншісінде. Үш жыл бұрын мұнай бағасы 100 доллардан асып, өндіріс те 81 миллон тонналық межені еңсерген көрінеді. Ал биылғы өндіріс жоспар бойынша 77 млн тоннаны құрамақ. 

 

0 пікір
Мұрағат