|
«Бригадир конверті» сәлемдемені жедел жеткізеді
|
Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсету саласында сәлемдемелерді жедел жеткізетін «Бригадир конверті» деп аталатын жаңа жобаны іске қосты.
Компания ақпаратына қарағанда, қазірдің өзінде «Бригадир конвертімен» пойыз бастығы арқылы (тиісінше рәсімдеп, түбіртек алып) Қазақстанның кез келген нүктесіне сәлемдемелер жіберуге болады. Сіздің жіберген дүниеңіздің уақтылы және дін аман жетуіне пойыз бастығы тікелей жауап береді.
Сәлемдеме ретінде тек қағаз күйінде А4 қалыбынан аспайтын және қалыңдығы 3 сантиметрге дейінгі конверттер қабылданады. Егер алушы келмесе 30 күннен соң темір жол учаскесінің жауапты тұлғасы сәлемдемені пошта арқылы конвертте көрсетілген мекенжайға қайта жібереді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Жасанды зерде адамзаттың түбіне қалай жетуі мүмкін – зерттеу
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Өмір мен өлім арасындағы халдің болатыны немесе “аралық шақ” туралы айтылды