|
Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді
|
Кездесу барысында тараптар биылғы қажылық маусымындағы ұйымдастыру жұмыстары, қазақстандық қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және олардың сапарын барынша ыңғайлы ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады.
Фото: ҚМДБ
Өз кезегінде Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов қасиетті сапарға келетін отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Айта кетейік, биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді. Оларға конкурстан өткен 14 туркомпания қызмет көрсетеді. Миссия тарапынан қажылықты ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауға алынған.
Фото: ҚМДБ
Еске сала кетейік, биылғы қажылық маусымы 15 мамыр — 5 маусым аралығында өтеді.
Ал қазақстандықтарды қажылыққа апаратын әуе компанияларына қандай талаптар қойылатынын мына сілтемеден оқыңыз.
Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында Меккеге кіруге қатысты жаңа талаптарды жариялады.