|
Бес облыста қасқыр атуға тыйым салынды
|
Қазақстанның бес облысында қасқырлардың популяциясын сақтау мақсатында оларды аулауға тыйым салынды.
Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің Facebook-тағы парақшасында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында жыл соңына дейін осы аң түрін аулауға болмайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл аймақтарда қасқырлардың саны өте аз. Ақмола облысында бар-жоғы – 30, Павлодар облысында – 194 қасқыр қалған.
Бұл өңірлерде қасқырлар үй жануарларына шабуыл жасағанда, не болмаса елді мекендердің аумағында жүрген жағдайда аулауға болады. Қазақстанда барлығы 13 мың қасқыр қалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады