АҚШ елшілігінің Қазақстаннан асырап алынған балалардың қайғылы өлімі туралы ресми мәлімдемесі
АҚШ елшілігінің Қазақстаннан асырап алынған балалардың қайғылы өлімі туралы ресми мәлімдемесі
8 жыл бұрын 2324 24.kz фото: gordonua.com

Америка Құрама Штаттарының елшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы америкалық отбасы асырап алған казақстандық балалардың өліміне себеп болған трагедияны естіп, терең қайғыға бөленді.  АҚШ халқы Қазақстанның халқымен бірге қайғыруда. АҚШ құқық қорғау органдары орын алған оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бұл оқиғадан соң АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтондағы Қазақстаннның елшілігімен хабарласқандай, АҚШ дипломатиялық миссиясы Астанадағы Сыртқы істер министрлігімен хабарласты. Біз өзіміздің басқа елдерден асырап алынған балалардың әлеуметтік қорғанысын қамтудағы тәжірибемізге қатысты АҚШ-тағы балалардың әлеуметтік қорғанысымен айналысатын қажетті органдар мен Қазақстанның ресми өкілдерінің қарым-қатынасын қамтамасыз етуді жалғастырамыз. АҚШ дипломатиялық миссиясы америкалық отбасылары асырап алған қазақстандық балалар (6600 адамнан артық) бүкіл ел ішіндегі Америкалық қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып, бақытты жағдайда өмір сүреді деген фактіге назар аударғысы келеді».

0 пікір
Мұрағат