Тәжіп өнері ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді
Тәжіп өнері ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді
11 ай бұрын 966 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: ayman-zaid

Тәжіп – мәтінді сәндік көркемдеу өнері. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдіни мұралар тізіміне енгізілді. Аталмыш өнер түрін бүкіл адамзаттық мәні бар тізімге енгізуге Тәжікстан, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия өтініш берген. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Культура» телеарнасының хабарлауынша, ғасырлар бойы көптеген ислам мемлекеттерінің аумағында қолжазбаларды безендіру өнері дамыған. Бұл өнердің бастауы Орта Азияның ортағасырлық мәдениетінде жатыр. «Орта ғасырлардан бастап тәжіп өнері өте белсенді дамып келеді. Ою-өрнектер әдетте жолдар мен бет жақтауларының арасындағы бос орындарды толтырады», - деп түсіндірді Әзірбайжан туризм және менеджмент институтының оқытушысы Минаханым Асадова. Парсы тілінен аударғанда «тәжіп» термині «алтынмен жазу» деген мағынаны білдіреді. Бұрын қолжазбаларды безендіру үшін алтын мен күміс қолданылса, соңғы жылдары акварел немесе гуаш сияқты синтетикалық бояулар кеңінен қолданылып жүр. Бастапқыда бұл өнер қолжазбаларды жобалау және безендіру техникасы ретінде пайда болды. Бүгінде тәжіп кітапқа байланбайтын өнердің жеке түріне айналып барады. Мамандар тәжіп техникасын адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде тануы бұл дәстүрді зерттеуге және жаңа шеберлердің шығуына тың серпін беретініне сенімді.

0 пікір
Мұрағат