|
Мұсылман ғалымы қатерлі ісіктен құтқаратын құрылғы ойлап тапты
|
Пәкістандық инженер Самир Икбал қатерлі ісік ауруын алғашқы сатысында-ақ анықтауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты. Ауру асқынбай тұрып, дер кезінде емдесе, қатерлі ісіктің алдын алуға да болатыны белгілі.
Икбал бастаған ғалымдар тобы ойлап тапқан құрылғы жұмысы тіклей жасушалармен байланысты. Ағзадағы қатерлі ісік жасушалары наноқұрылымды қабырғалармен әрекеттескенде олардың «билейтіні» байқалған. Ал, дені сау жасушалар қалыпты жағдайларын сақтаған.
«Билейтін» жасушалар байқалысымен, дәрігер науқасты ертерек емдеп жазып алуына әбден болады. «Ісік пайда болмай тұрып, дертті анықтау – науқастың тірі қалуының бірден-бір кепілі. Біздің құрылғымыз бұған қабілетті», – дейді Самир Икбал.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді