Балаға әкесінен қандай қасиеттердің берілетіні (тұқым қуалайтыны) белгілі болды
Балаға әкесінен қандай  қасиеттердің берілетіні (тұқым қуалайтыны) белгілі болды
2 жыл бұрын 1864 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Генетикалық фактор тек көз қарашығының түсімен және дене тұрқымен ғана шектеліп қалмайды – балалар ата-анасынан қандай ауруға бейім келетінін де қоса алатын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы interesno.сс ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көбінесе әкелерінен балалар жүрек ауруын «мұра» етіп алады. Сонымен, Лестер университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес хромосоманың белгілі бір түрін алып жүретін ер адамдар коронарлық артерияға әсер ететін аурулардан 50% дерлік зардап шегеді. Белгілі бір жағдайларда бұл қасиет ұлдарға беріледі. Психиатриялық ауытқулар арасында ерлерден балаларына берілетіні - шизофрения және DEHB (Зейін жеткіліксіздігі мен гиперактивтілік синдромы) бар. Әкесінің жасы ұлғайған сайын оның ДНҚ-сы жылдар бойы өзгеретіндіктен, ұрпағына берілетін мұндай қауіп артады. Әйелдерге келетін болсақ, олар белгілі бір ұрық жасушаларының жиынтығымен туады және олардың ДНҚ өмір бойы өзгермейді. Қисық тістер де тұқым қуалайды. Тіс пен жақ пішініне арналған еркек гендер әйелдерге қарағанда күштірек. Әкеден бала қисық тістерді ғана емес, сонымен қатар, тістің әлсіз қорғаныш қабатын да иеленуі мүмкін. Бұдан бөлек, бедеулік мәселесі бар. Ғалымдар ер адамның ұрық сапасының төмен болуы да тұқым қуалайтынын алға тартып отыр – егер бала ЭКО бойынша өмірге келсе, бала да осы проблемамен бетпе-бет келмек. Баланың жынысын әкесі анықтайды. Бұл тарапта болашақ баланың жынысын әкенің шежіресін зерттеу арқылы болжауға болады. Егер сперматозоид Х хромосомасын алып жүрсе, онда ананың Х хромосомасымен қосылса, қыз болады. Ал сперматозоидта Y-хромосома болса – ұл бала. Баланың көзінің түсі – әйел гендерінен еркек гендері басым болғандықтан, бет пішіні мен көзінің түсі әкесінің түсімен бірдей болуы ықтимал. Бұл баланың өсуіне де қатысты. Бұл фактор көбінесе әкелік гендерге байланысты. Сұңғық бойлы әкелердің балалары да бойшаң келеді.

0 пікір
Мұрағат