16 сағат ішінде пластикті ыдырататын фермент табылды. Пластикті қорек етіп қорытатын құрт табылды
16 сағат ішінде пластикті ыдырататын фермент табылды. Пластикті қорек етіп қорытатын құрт табылды
3 жыл бұрын 3059 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Ағаш жаңқасынан үш айда ыдырап жоғалатын пластик

Лейпциг университетінің ғалымдары компост үйіндісінде 16 сағатта пластикті 90 пайызға ыдырататын PHL7 ферментін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған ChemSusChem мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зат, сонымен қатар ,ПЭТ контейнерлерін терефтал қышқылында және этиленгликолда ыдыратуы мүмкін, содан кейін оларды жаңа қаптама жасау үшін қайта пайдалануға болады. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар Лейпцигтегі компост үйіндісіндегі жеті түрлі ферментті анықтап, оларды тәжірибелер барысында егжей-тегжейлі зерделеді. Аталған жоғарғы оқу орнының қызметкерлері PHL7 немесе LCC (алдыңғы зерттеудегі ең жоғары өнімді фермент) бар су ерітіндісі құйылған контейнерлерге ПЭТ қосып көрді. Содан кейін ғалымдар белгілі бір уақыт аралығында ыдырайтын пластиктің мөлшерін өлшеп көрген екен: 16 сағатта PHL7 ферментінің ПЭТ-ті 90 пайызға ыдыратқаны белгілі болды; ал LCC осы уақыт ішінде тек 45 пайызын ғана ыдыратқан. Бұл жаңалықты өз кезегінде қоршаған ортаны ең ластаушы көздердің біріне айналған пластик проблемасын еңсеру үшін қолданып көрмек.

Пластикті қорек етіп қорытатын құрт табылды 

Австралияның Квинсленд университетінің ғалымдары пластикті қорек ету арқылы қорытатын құртты тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Microbial Genomics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада Zophobas morio қоңызының личинкасы (дернәсіл) турасында сөз болып отыр. Оның ішек құрамында полистиролды қорыта алатын арнайы фермент бар. Полистирол - бір рет қолданылатын ас құралдары мен CD қораптары үшін қолданылатын пластиктің кең таралған түрі. Мұндай материалды қайта өңдеу өте қиын, сондықтан ол көбінесе полигондар мен мұхиттарға тап болып, жергілікті экожүйеге зиянын тигізеді. Ғалымдар бұл тарапта үш апта бойы бауырымен жорғалаушылар мен құстарға жем ретінде өсірілетін ірі құрттарға әртүрлі диетаны қолданып көрген екен: бірінші топқа пенопласт, екіншісіне кебек, ал үшіншісіне ештеңе берілмеді. Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, аталмыш дернәсілдер тек пластикті қорек етеді, тіпт,і мұндай диетада салмақ қоса алады, бұл зиянды қосындыларды ыдырату кезінде полистиролдан қоректік заттарды ала алатынын көрсетеді.

Zophobas (зофобас), личинка жука из семейства чернотелки. Зоофобус. -  YouTube

Zophobas morio қоңызы мен оның личинкасы (дернәсіл) 

Ағаш жаңқасынан үш айда ыдырап жоғалатын пластик жасалды

Мұндай биологиялық пластиктің қоршаған ортаға еш зияны жоқ – оны өздігінен шіріп жоғалғанша үш ай уақыт кетеді немесе оны қайта өңдеп, кәдеге жаратуға болады. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тағы Йел университетінің ғалымдары cапалы шикізатты – ағаш отау немесе кесу өндірісінің қалдықтарын, дәлірегі, ағаш жаңқаларын арнайы ерітінді көмегімен биопластик әзірледі. Сонымен, ғалымдар биоыдырайтын және экологиялық таза эвтектикалық еріткіштің (DES) көмегімен ұнтақтың бос кеуекті құрылымын деконструкциялады. Нәтижесінде ғалымдар лигнин мен целлюлоза микро- және наножіпшелерінің бір-бірімен наноөлшемде біріктірілген және сутегі байланыстары арқылы қосылған қоспасын алуға қол жеткізген. Nature Sustainability мерзімді басылымында жарияланған аталмыш жаңалыққа қатысты мақалада айтылғандай, биоматериал зақымданбайтындай жоғары механикалық төзімділікке ие, сұйықтықты сақтайды, сонымен қатар, ультракүлгін сәулеге де төзімді.

Ұқсас материалдар:

"Пластикті бір тәулікте жоқ қылатын фермент табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-bir-taulikte-joq-qylatyn-ferment-tabyldy-16776/#gsc.tab=0);

«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат