Вирусқа бой бермейтін жасанды гені бар жасуша жасалды
Вирусқа бой бермейтін жасанды гені бар жасуша жасалды
4 жыл бұрын 2016 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Британдық ғалымдар ішек таяқшасының генін қайта программалау арқылы жасанды гені бар тірі жасушаны алудың жолын тапты. Жасанды ген өзіндегі нұсқауды орындау арқылы табиғатта кездеспейтін құрылыс материалдарынан полимер жасай алады. Ең бастысы – олар кез келген вирусқа бой бермейді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2019 жылы әлеемге әйгілі Кембридж университетінің медициналық зерттеу кеңесінің молекулярлы биология зертханасының ғалымдары өз әдістерін қолдана отырып, тарихта тұңғыш рет синтетикалық ген жасады - Escherichia coli (E.coli) генетикалық тұрғыдан түрлендірілген бактериясын. ДНҚ-ға құпияландырылған генетикалық код төрт негізден тұрады – олар A, T, C және G әріптерімен белгіленген. Кодон деп аталатын үш әріпті «тіркес» жинақталған кезде жасушаға тізбекке белгілі бір амин қышқылдарын үстеуге команда береді. Бұл команданы жасуша тРНҚ (транспортты РНҚ) деп аталатын молекула көмегімен жүзеге асырады. Әрбір кодон өзін танып, тиісті амин қышқылын үстейтін нақты бір тРНК-ға ие: мәселен, TCG кодонын танитын тРНК серин амин қышқылын әкеледі. Алайда, төрт әріп үш әріпті комбинацияның 64 нұсқасын қамтиды, ал жасуша құрылыс кезінде тек 20 табиғи амин қышқылын ғана пайдалана алады. Нәтижесінде әрбір амин қышқылы үшін бір-бірін көшіретін бірнеше кодон-синонимдер болады. Мәселен, серин TCG, TCA, AGC әне AGT кодондарын кодтайды. Тіпті, олардың біреуі болмаған күннің өзінде жасуша генетикалық кодқа сәйкес жинақтауды жалғастыра береді. Ғалымдар бұл бағытта жүргізген тәжірибе барысында төрт кодоннан үшеуін алып тастаса да жасуша ақуыз істеп шығаруын, өсіп-өнуін қоймайды. Міне, осы кезде ғалымдар барлық синоним кодондарды алып тастап, E.coli бактериясының генін толықтай «қайта жазып шықты». Бұл жайт өз кезегінде ішек таяқшасының жасушасын вирусқа төзімде етіп шығарды, өйткені, вирустар толық генетикалық кодты пайдаланады, ал түрлендірілген бактерияда нақты вирустық генді санайтын құрал жоқ. Көптеген биотехнологияда бактериялар синтетикалық полимерлерді (қайталанатын бірліктерден тұратын үлкен молекулалар) жасау үшін тірі фабрика ретінде пайдаланылады.Полимерлердің бір түріне инсулин, полисахарид негізіндегі екпе, ақуызды суббірлік, сондай-ақ, антибиотиктер секілді көптеген дәрі-дәрмек өндірісінде кеңінен пайдаланылатын ақуыздар жатады. Ғалымдардың айтуынша, синтетикалық гені бар бактериялардың вирустарға төзімділігін арттыру өз кезегінде белгілі бір дәрілерді сенімді әрі тиімді етуге көмектеседі.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат