Тұңғыш рет ми импланты арқылы Паркинсонмен ауыратын науқас жазылды
Тұңғыш рет ми импланты арқылы Паркинсонмен ауыратын науқас жазылды
3 жыл бұрын 2214 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Суретте - Tony Howells

Британияның Бристол қаласындағы Саутмид емханасында Паркинсон ауруынан зардап шегетін науқасты тұңғыш рет мидағы имплант көмегімен емдеп жазған. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тони Хоуэллс (суретте – ред.) есімді ағылшын азаматы миына кіріктірілген нейроимплант көмегімен Паркинсон ауруының салдарынан – қимыл-қозғалысындағы ауытқудан құтылды. Бұл құрылғы мидың зақымдалған бөлігін электр импулсімен стимулдай алады. Бұрын пациент 200 метрден ары аттап аяқ баса алмайтын, бір жылдан соң басына жасалған отадан кейін ол төрт шақырымға дейін жүре алатын, спортпен шұғылдана алатын, күнделікті тірлігімен айналыса алатын халге жетті. Әзірге құрылғы аса ірі батарейкамен жұмыс істейді, ол адамның кеуде тұсында болады әрі имдағы имлантпен тері астынан өткізілген өткізгішпен жалғанған. Ғалымдар бұл құрылғыны барынша қолайлы ету, яғни, аккумуляторды мейлінше шағын етіп, бас ішінде орналастыру жолдарын қарастырып, бұл бағыттағы жұмысын одан ары жалғастыруға бел буып отыр. 

Паркинсон дертінің айрықша белгісі аталды

Ойынқұмарлық пен шопингке (дүкеннен заттар сатып аллу) құмарлық Паркинсон дертінің белгісі болуы мүмкін екенін алғға тартып отыр Ресейдегі В.М. Бехтерев атындағы ұлттық, медициналық психиатрия және неврологиялық зерттеу орталығы директорының орынбасары Владимир Михайлов. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ТАСС ақпарат агенттігінің хабарынша, психикалық ауытқу да аталған аурудың қосымша көрінісі болуы мүмкін. 

Басты көрінісі - сауда, құмар ойындар, сандырақтау, галлюцинация. Паркинсон ауруының асқынған кезеңдерінде шынымен де осындай белгілер бар, мысалы, Капграс синдромы, аурудан зардап шегетін науқас өзінің жақындарын бөгде адамдар алмастырған, деп санайды.

Владимир Михайлов

Білікті маманның сөзіне қарағанда, Паркинсон дертіне шалдыққан науқастардың 90-95%-да конгнитивтік функциясының төмендегені байқалған: жадының нашарлауы, назар салмау, ителлектісінің төендеуі. Бұған қоса, мазасыздану, күйзеліс, ұйқының бұзылуы секілді белгілері бар. Ал басты симптомдары: аяқ-қол ұштарының ұзақ уақыт бойы ауыруы, тірек-қозғалту функциясының бұзылуы және тремор. 

Ұқсас материалдар: 

"Паркинсон ауруының ерте білінетін тағы бір белгісі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/parkinson-auruynyn-erte-bilinetin-tagy-bir-belgisi-ataldy-14760/#gsc.tab=0);

"Иіс сезу қабілетін жоғалту емі жоқ аурудың белгісі болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/iis-sezu-qabiletin-jogaltu-emi-joq-aurudyn-belgisi-bolyp-shyqty-14696/#gsc.tab=0);

"Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды" (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат